ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген
«Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру»
1. «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - мамандандырылған кәсіпорын) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал), сондай-ақ мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді. Мемлекеттік қызметтердің шалғайдағы елді мекендер тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету мобильдік орталықтар арқылы жүргізіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: толық автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 158-бабының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) www.auzr.kz интернет-ресурсында; 2) мамандандырылған кәсіпорынның www.aisgzk.kz интернет-ресурсында; 3) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 4) орталықтардың стенділерінде; 5) порталда орналастырылған. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтың 1414 телефон нөмірі арқылы беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|