Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде: 18-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «18. Күрделі техникалық сипаттамалары және ерекшелігі бар тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді осы Ережеде айқындалған тәртіппен заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінен (консорциумдардан) сатып алады. Мемлекеттік сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциумдар) қатысқан жағдайда, онда аталған консорциумның қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Ережеде белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиіс:»; 163-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|