«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 217-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақылар, жәрдемақылар төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыру және жүзеге асыру; 2) әлеуметтік жеке кодтар беру; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру; 4) салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығына болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау; 5) міндетті зейнетақы жарналарын дербестендірілген есепке алу; 6) міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару, зейнетақы жарналарының артық (қате) төленген сомаларын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды агенттерге қайтару; 7) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған және (немесе) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлігі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын агентке қайтару; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|