|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің өңірлік даму, кәсіпкерлікті қолдау, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін үйлестіру аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін оған бере отырып, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі құрылсын. 1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, оған: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен - бюджеттік жоспарлау; Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен - инвестицияларды қолдаудың және қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен - халықтың көші-қоны аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі етіп қайта құру жолымен; 2) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі оларды Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне қосу жолымен; 3) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі оны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер; 2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, оған мына салалардағы: табиғи ресурстарды қорғау мен тиімді пайдалануды бақылау, су ресурстарын басқарудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен берілетін мелиорация мәселелерін қоспағанда, су ресурстарын басқару және балық шаруашылығын дамыту жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер; Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінен - қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері; Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен - жаңартылатын энергия көздерін дамыту аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру мен бақылау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілсін. 4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің халықтың көші-қоны, оны ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон үдерістерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, көші-қонды реттеу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша және тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу және тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша функциялары мен өкілеттіктері берілсін. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1)мыналарды: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетін; Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетін; Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетін; Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетін; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін; Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті мен Орман және аңшылық шаруашылығы комитетін құруды қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін; 3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шараларды қабылдасын. 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақта: «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;»; мына: «Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;»; мына: «Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі;», «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;», «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі.» деген жолдар алып тасталсын. 7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы қаңтардың 16-ы.
№ 466
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |