|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат, № 5, 41-құжат): 1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі әскерлердің туы және рәмізі болады. Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік жалаулары болады.»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі әскерлерге жүктелген міндеттерді орындауды: Ішкi әскерлердi әскери басқару органдары; жедел мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлімдер; маңызды мемлекеттік объектілер мен арнайы жүктерді күзету жөніндегі арнайы әскери бөлімдер; түзеу мекемелерін күзету және айдауылдау жөніндегі құрамалар мен әскери бөлімдер; арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлімдер; Ішкі әскерлердің әскери полициясы; Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орны; Ішкі әскерлердің қызметін қамтамасыз ететін әскери бөлімдер (оқу, байланыс және басқа); авиациялық әскери бөлім; арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер) жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі әскерлер Бас қолбасшысына тікелей бағынысты құрамалар мен әскери бөлімдерді қоспағанда, құрамалар мен әскери бөлімдер Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының құрамына кіреді.»; 3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «4-бап. Iшкi әскерлердің қызметiн ұйымдастырудың қағидаттары мен негiздерi Iшкi әскерлердiң қызметi заңдылық, гуманизм, жеке адам құқықтарын сақтау және дара басшылық қағидаттарында жүзеге асырылады. Әскерлерді тікелей басқаруды Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы жүзеге асырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан және қоғамдық тәртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөніндегі және төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да міндеттерді шешу жөніндегі мiндеттердi орындайтын Ішкi әскерлер құрамалары мен әскери бөлiмдерiнің командирлерiне қатысты аға жедел бастықтар болып табылады.»; 4) 7-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкi әскерлер Бас қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады;»; 5) 8-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі әскерлердің ұйымдық құрылымын, штат саны лимитін, орналастырылуын бекітеді;»; 6) 10-баптың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Iшкi әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарларын, Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары мен олардың орынбасарларын, Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орнының бастығын, Ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Ішкі әскерлердің офицерлерін қызметтен шығарады, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын және «полковник» әскери атағын береді.»; 7) 10-1-бапта: тақырыбы және бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «10-1-бап. Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы:»; алтыншы және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі әскерлер офицерлерінің әскери қызметті өткеру мәселелерін шешеді, қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, кезекті әскери атақтар береді, офицерлік құрамның әскери атақтарын төмендетеді, подполковникті қоса алғанға дейінгілерді запасқа немесе отставкаға шығарады;»; «Ішкі істер министріне Iшкi әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарларын, Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары мен олардың орынбасарларын, Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орнының бастығын, Ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді.»; 8) мынадай мазмұндағы 10-2-баппен толықтырылсын: «10-2-бап. Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылық қолбасшысы Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылық қолбасшысы: өңірлік қолбасшылықтың бағынысты құрамалары мен әскери бөлімдерінің тұрақты жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстап тұрады; әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел және жауынгерлік даярлығына, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық етеді; бұйрықтар мен өкімдер шығарады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылығы құрамына кіретін құрамалар мен әскери бөлімдердің әскери қызметшілерінің әскери қызметті өткеру мәселелерін шешеді; қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, кезекті әскери атақтар береді, жоғары сержанттық құрамды қоспағанда, келісімшарт бойынша капитанды қоса алғанға дейінгі әскери қызметшілерді запасқа немесе отставкаға шығарады және Ішкі әскерлер Бас қолбасшысына офицерлік құрамның әскери атақтарын төмендету жөнінде ұсыныстар енгізеді.»; 9) 11-бапта: екінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты аумақта Ішкi әскерлердiң өңірлік қолбасшылықтарын, құрамаларын, әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерін құру мен орналастыру жөніндегі Ішкi iстер министрінің ұсыныстарын қарауға қатысады;»; «Ішкi әскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң қолбасшылығына Ішкi әскерлерге әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруда жәрдем көрсетедi;»; 10) 13-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлерiмен бiрлесiп, Iшкi әскерлердiң жедел мақсаттағы құрамалары мен әскери бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олардың санына қарай қызметтiк мiндеттердiң көлемiн айқындайды;»; 11) 14-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Әскери кеңестің құрамын Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының ұсынуы бойынша Ішкі істер министрі бекітеді.»; 12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Ішкі әскерлерді әскери басқару органдары Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті Ішкі әскерлерді әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы болып табылады, әскерлердi тұрақты жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгінде ұстап тұруға, Ішкі әскерлердің құрылысы және дамуы жоспарларын әзiрлеуге және iске асыруға, олардың ұйымдық-штаттық құрылымын жетiлдiруге, Ішкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметін ұйымдастыруға арналған және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бірлесіп, бірлескен іс-қимылдар нұсқаларын жоспарлайды. Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметін белгілі бір аумақта жүзеге асыратын әскери басқарудың жедел-аумақтық органы болып табылады.». 2. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат): 6-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасындағы «қолбасшысы» деген сөз «Бас қолбасшысы» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы қаңтардың 15-і. № 69-V
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |