«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 211-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау» деген бөлімде: «1. Нәтижеге бағдарланған бюджетті қалыптастыру» деген стратегиялық бағытта: мынадай мазмұндағы отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші абзацтармен толықтырылсын: «Кәсіпорындардың қызметін оңтайландырудағы маңызды рөлді электрондық құжат айналымының заманауи жүйелері атқарады. Кез келген салық төлеушінің қызметіндегі негізгі құжаттардың бірі шот-фактура болып табылады. Оларды жазып беру талаптары мен жазып беру мерзімдері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (Салық кодексі)» туралы Қазақстан Республикасының кодексінде регламенттелген. Іскерлік қызметтің электрондық құжат алмасу жолымен жүзеге асырылуы барған сайын жиілеу жағдайында дәстүрлі қағаз түріндегі шот-фактуралар кедергі болады және оларды пайдалану кезінде ұйымдар оператордың еңбек шығындары, қағаз, принтер, жеткізіп беру, қомақты мұрағаттар, салық органдарына тоқсан сайын шот-фактуралар тізілімін табыс ету және т.б. сияқты айтарлықтай қосымша шығыстарға ұшырайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|