«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде: 75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «75) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну, сондай-ақ электр қуатының дайындығын ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;»; 84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «84) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;»; мынадай мазмұндағы 84-1), 84-2), 84-3), 85-1), 101-1), 101-2), 101-3) 126-1), 126-2), 126-3), 126-4), 126-5), 126-6), 126-7), 126-8), 126-9), 126-10), 126-11), 126-12), 126-13), 126-14), 126-15), 126-16), 126-17), 126-18), 343-1), 343-2), 343-3), 343-4) және 343-5) тармақшалармен толықтырылсын: «84-1) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығы паспортының нысанын, оны алу тәртібін және мерзімін әзірлейді; 84-2) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді; 84-3) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;»; «85-1) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін бекітеді;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|