«Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 778 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 452-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасында: 23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «23) өтініш беруші - электрондық (цифрлық) тахографқа электрондық карточка беру үшін өңіраралық көліктік бақылау инспекциясына өтініш білдірген жеке немесе заңды тұлға;»; 24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «24) сервис орталығы (шеберхана) (бұдан әрі - сервис орталығы) - тахографтарды орнату және қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»; мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын: «27-1) тахографқа қызмет көрсету - тахографты дәлдеу және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу;»; 34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «34) электрондық (цифрлық) тахографтың электрондық карточкасы (бұдан әрі - карточка) - жүргізушінің еңбек және демалыс режимі туралы деректерді, электрондық (цифрлық) тахографпен жұмыс істеу үшін қажетті өзге де ақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін интегралды микросхемасы бар карточка.»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) жолаушылардың және багаждың автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдары;»; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|