Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 429 Қаулысымен күші жойылды Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 417 қаулысымен бекітілген
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»
1. Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тұтынушы - жеке тұлғалар, 18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнынан төмен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар; 2) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы; 3) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі; 4) «жалғыз терезе» қағидаты - өтініш берушілердің мемлекеттік қызметтерді алуға құқығын растайтын құжаттар мен анықтамаларды ұсыну және әр түрлі инстанциялардан жинау барысында өтініш берушілерді шығарып тастау немесе барынша шектеуді қарастыратын мемлекеттік қызметтерді ұсыну; 5) халыққа қызмет көрсету орталығы - қызметінің негізгі мәні «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және ресімделген құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылатын мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - ХҚКО); 6) құрылымдық-функционалдық бірліктер - электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын, уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ).
2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|