|
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 қаулысымен бекітілген
«Озон қабатын бұзатын заттарды және құрамында сондай заттар бар өнімдерді экспорттауға және
1. «Озон қабатын бұзатын заттарды және құрамында сондай заттар бар өнімдерді экспорттауға және импорттауға лицензия беру, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 14 кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 38-бабына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына, «Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы Заңына, «Беларусия Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімімен бекітілген «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды кеден одағының кеден аумағына әкелу және кеден одағының кеден аумағынан әкету тәртібі туралы ережеге» сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.ecokomitet.kz; 2) порталда; 3) call-орталығында (1414) орналастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|