ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 36 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 389 бұйрығына 5-қосымша
«Тууды тіркеу, соның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулерді енгізу»
1. «Тууды тіркеу, соның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - қызмет беруші) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы баламалы негізде, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы (бұдан әрі - ЭҮП) көрсетеді. 2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Тууды тіркеу, соның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі. 3. Қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған. 4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық. 5. Осы регламентте қолданылатын ұғымдар: 1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалану арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ); 2) «электрондық үкімет» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырланған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметке қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе; 3) «электрондық үкімет» шлюзі - электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін біріктіруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|