ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 36 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 389 бұйрығына 8-қосымша
«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
1. «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі - қызмет беруші) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы баламалы негізде, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы (бұдан әрі - ЭҮП) көрсетеді. 2. Қызмет (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі. 3. Қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған. 4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық. 5. Осы регламентте қолданылатын түсініктер: 1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ); 2) «электрондық үкімет» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮП); 3) «электрондық үкімет» шлюзі - электрондық қызметтерді іске асыру шегінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін біріктіруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|