Қарағанды қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 29/03 Қаулысымен күші жойылды
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 14/208 қаулысымен бекітілген
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» электрондық мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - қызмет) «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz арқылы көрсетіледі. 2. Қызмет «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады. 3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған. 4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық қызмет. 5. Осы регламентте келесі түсініктер және қысқарған сөздер пайдаланылады: 1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ); 2) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны; 3) бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе - бұл нотариалдық қызметтi автоматтандыруға және әдiлет органдары мен нотариалдық палаталардың өзара iс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі - БНАЖ); 4) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - ЖСН); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|