«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 211-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «1. Миссиясы мен пайымдауы» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «Миссиясы. Қазақстан Республикасының экономикалық өсіміне жәрдемдесу және экономикасының жоғары бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу мақсатында бюджеттің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету. Пайымдауы. Неғұрлым дамыған, орнықты және прогрессивті эволюцияланатын қаржылық жүйелердің бірі ретінде әлемдік қаржылық қоғамдастық жіктейтін тиімді жұмыс істейтін бюджеттің атқарылу жүйесі»; «2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау» деген бөлімде: «1-стратегиялық бағыт. Нәтижеге бағдарланған бюджетті жетілдіру» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «1-стратегиялық бағыт. Республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету»; «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикатор, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде: «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикатор, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» деген кіші 3.1-бөлімде: «1-Стратегиялық бағыт. «Нәтижеге бағдарланған бюджетті жетілдіру» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «1-стратегиялық бағыт. Республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету»: «Бюджетті жоспарлау сапасын арттыру» деген 1.1-мақсат алынып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|