|
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 393-Ө бұйрығына 3-қосымша
«Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге лицензия беру, лицензияны қайта рәсімдеу, лицензия телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) көрсетеді, халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы, сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz арқылы көрсетіледі. 2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 08 тамыздағы № 1033 қаулысымен бекітілген «Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуге лицензия беру, лицензияны қайта рәсімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. 3. Қызметтің автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған. 4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық. 5. Осы регламентте қолданылған ұғымдар мен қысқартулар: 1) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны; 2) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ); 3) БНАЖ - бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе; 4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|