Осы редакция 2013 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысымен бекітілген
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
1. «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 8-қосымшасы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасы мен 47-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған. 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын (телнұсқа) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|