Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің кейбір мәселелері туралы (2015.18.06. берілген өзгерістермен)
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жұмыстың деңгейін арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орналастыра отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5548 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2015.18.06. № 457 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 64-2-жолмен толықтырылсын: «64-2. 5548 әскери бөлімі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|