«Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес туралы ережеде: 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Ережені басшылыққа алады. 3. Кеңестің негізгі міндеттері: 1) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту үшін ғылым, білім, өндіріс пен қаржы-кредит саласын ықпалдастыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 2) экологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешу, табиғи апаттар туралы ескерту және қысылтаяң жағдайларда құтқару үшін ғарыш құралдарын пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 3) ғарыш қызметін дамыту үшін «Байқоңыр» кешенін, мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 4) Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық прогресі мен ұлттық қауіпсіздігі мүддесі үшін ғарыш саласындағы ғылым жетістіктерін және жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 5) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сақтау, қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|