«Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 248-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларында: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында астықты қабылдау, өлшеу, тазалау, кептіру, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі операцияларды ресімдеу және есепке алу, астық сақтау қоймаларында сақтаудағы астықтың мөлшерін айқындау тәртібін айқындайды.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Өндірістік-технологиялық зертхана (бұдан әрі - ӨТЗ) маманы қолданыстағы және мемлекетаралық стандарттарға (бұдан әрі - стандарттар) сәйкес астық сапасын айқындау үшін астықтың әрбір келіп түскен автомобиль партиясынан сынаманы іріктеп алады. Сынаманы іріктеп алу кезінде маман дақылдың және автомобильдің мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің тауарлық-көліктік жүкқұжаттың деректеріне сәйкестігін тексереді. Іріктеп алынған сынама бойынша астықты орналастыру үшін қажетті сапасын алдын ала талдау жүргізіледі. Алдын ала талдау нәтижелері бойынша жүкқұжаттың бірінші данасында астықты түсіру нүктесі көрсетіледі.»; мынадай мазмұндағы 9-1-бөліммен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|