«Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 217-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік монополияға жатқызылған Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорыннан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді төлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру; 2) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру; 3) салымшының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезінде нақты енгізген болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау; 4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлын дербестендірілген есепке алу; 5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару; 6) жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын агентке қайтару; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|