Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 35 және «Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 36 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 35 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 217-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) асыл тұқымды малдың үлес салмағын және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік сапасын арттыру мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тауар өндірушілер), мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығына (бұдан әрі - республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығы), қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытына, етті құс шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымды репродукторға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі - субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|