«Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы» - «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы (2004.12.31. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін көтеру, сондай-ақ статистикалық қызмет көрсетулерді тұтынушыларға сапалы жалпыға бірдей қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы» «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі Кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ жарғылық қорын қалыптастырсын. Аталған Кәсіпорынның негізгі міндеттері: статистикалық ақпаратты басып шығару, тарату және сату; статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, статистикалық есептілік нысандарының бланкілерін басып шығаруға байланысты полиграфиялық қызметтер; маркетингтік зерттеулер саласында қызметтер көрсету болып табылады. 3. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: реттік нөмірі 414-жол алынып тасталсын: мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 480 және 481-жолдармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі:
Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық- есептеу орталығы (шаруашылық жүргізу құқығында), 4. ҚР Үкіметінің 2004.31.12 № 1460 қаулысымен алып тасталды 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|