«Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты» мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. «Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты» мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінiң «Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi уәкiлетті орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 517-8-жолмен толықтырылсын: «517-8. «Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны» (шаруашылық жүргiзу құқығында) Қарағанды қаласы»; 2) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын мекемелердiң тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 9-жол алынып тасталсын; 3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |