І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 655 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) баламалы жол: «РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана - Атбасар» учаскесі, «Көкшетау - Атбасар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Атбасар - Зеренді» учаскесі», «Щучье - Зеренді» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуы мүмкін;»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) ақылы жолдың бастапқы пункті - 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті - 230+250 км;»; 3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі:»; 4) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:»; 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «5) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы - 211 км 478 метр; 6) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес айкындалады;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|