Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегi комитетiнiң «Мембағалау» жылжымайтын мүліктi бағалау жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорнын тарату туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істерi жөніндегі комитетiнiң «Мембағалау» жылжымайтын мүлiктi бағалау жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесіндегі реттiк нөмiрi 50-1-жол алынып тасталсын; 2) «2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 312-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердiң тiзбесіндегі реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
|