Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi (2005.06.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орталық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қызметiнiң негiзгi мәнi: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасы; 2) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспалары тiркеу сынағынан, байқап тексеруден өткізу, сондай-ақ шағым болған кезде ветеринариялық препараттардың серияларын (партияларын) бақылау болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Ветдез» республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қызметiнiң негiзгi мәнi: 1) Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының ошақтарын жою; 2) мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялау; 3) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау болып белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдiснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын. 6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдiснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесi қызметiнiң негiзгi мәнi: 1) ветеринарияда пайдаланылатын депониттi Микроорганизмдер штамдарының ұлттық коллекциясын енгiзумен бiрге, жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттiк және әдiснамалық функциялар; 2) Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингi болып белгiленсiн. 7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң аумақтық органдарын штат санының бекітілген лимитi мен оларды ұстауға көзделген қаражат шегiнде шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік ветеринариялық қадағалау аймақтық бөлiмшелерi болып табылатын ветеринариялық бақылау бекеттерi бар Астана қаласына көшiре отырып, Солтүстiк-Батыс аймақтық шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік ветеринариялық қадағалау басқармасы және Алматы қаласында Оңтүстiк-Шығыс аймақтық шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік ветеринариялық қадағалау басқармасы - мемлекеттік мекемелерi құрылсын. 8. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 503-жол алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 504-1-жол алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 44-102-жолмен толықтырылсын: «44-102 «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны»; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 44-103-жолмен толықтырылсын: «44-103 «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; 2) ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен күші жойылды 3) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне қайта ұйымдастырылатын кәсiпорындардың жарғыларын бекiтуге енгiзсiн; 2) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын. 10. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 5, 6-тармақтар мен 8-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|