«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегi комитетінің Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы» және «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнің Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы» республикалық мемлекеттік
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» және «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрі - Мекемелер) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Мекемелер қызметiнің негiзгі мәнi болып мыналар белгiленсiн: 1) суармалы жерлерде байқаулар, инженерлiк және топырақ-мелиоративтік iздестiру мен зерттеулер жүргiзу; 2) суармалы жерлердiң мелиоративтік жай-күйiн бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзiрлеу. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Мекемелер жарғыларының бекiтілуін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тiркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен күші жойылды 2) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлiмде: реттік нөмiрлерi 145-11, 145-12-жолдар алынып тасталсын; 3) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы» және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы № 722 қаулысы 5-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 26, 246-құжат) күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|