Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаға мониторинг пен оны бағалаудың нәтижелерін ұсынсын.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада: «Мазмұны» деген бөлімде: 1.1 -тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын; 1.3-тармақта: үшінші абзац алып тасталсын; бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Жаңартылатын энергия көздері»; алтыншы абзац алып тасталсын; «Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде: «Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «Нысаналы индикаторлар Мыналарды: 1) 2014 жылы ЖІӨ-ні 2008 жылға қарағанда нақты мәнде кемінде 38,4 %-ға, номиналды мәнде - 26 трлн. теңгеге; 2) 2015 жылға қарай шикізаттық емес сектордың ЖҚҚ өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 39,5 %-ды құрайды; 3) 2015 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіптің өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 43,6 %-ды құрайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|