Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсiпорындар) құрылсын: 1) «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы»; 2) «Республикалық біліктiлiктi растау және беру орталығы»; 3) «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы»; 4) «Ұлттық аккредиттеу орталығы»; 5) «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы». 2. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi білім беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн; 2) кәсiпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тiркелуін қамтамасыз етсiн; 3) ocы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тізбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 470-184-1, 470-184-2, 470-184-3, 470-184-4, 470-184-5-жолдармен толықтырылсын: «470-184-1 «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы 470-184-2 «Республикалық біліктiлiктi растау және беру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Астана қаласы 470-184-3 «Оқулық» республикалық ғылыми- практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Астана қаласы 470-184-4 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы 470-184-5 «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Астана қаласы»; 2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 77-1, 77-2, 77-3, 77-4, 77-5-жолдармен толықтырылсын: «77-1.»Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы 77-2. Республикалық біліктiлiктi растау және беру орталығы 77-3. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 77-4. Ұлттық аккредиттеу орталығы 77-5. Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы». 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|