Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Бірлік» тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Бірлік» тәжірибе шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорынды қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 44-65-жол алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде: реттік нөмірі 39-жол алынып тасталсын; 3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|