Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бұқаралық және қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Қызметінің негізгі мәні: 1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қысқы спорт түрлері саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; 2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бұқаралық спорт түрлері саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын; 2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті» деген бөлімде: реттік нөмірі 517-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 519-7-жолмен толықтырылсын:
2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 2-бөлімде: реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын: «4. «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-3-жолмен толықтырылсын: «15-3. «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»; 3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында: жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 84-жол мынадай редакцияда жазылсын: «84. «Қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 92-1-жолмен толықтырылсын: «92-1. «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны». 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|