Кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды республикалық меншікке қабылдап алу туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласы әкімдігінің мынадай мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар): 1) Алматы қаласы Коммуналдық меншікті басқару департаментінің «Орталық стадион» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 2) Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Биік таудағы Медеу» спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдап алынсын. 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 519-5, 519-6-жолдармен толықтырылсын: «519-5 «Орталық стадион» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы 519-6 «Биік таудағы «Медеу» спорт кешені» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы»; 2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15-1 және 15-2-жолдармен толықтырылсын: «15-1. Алматы қаласындағы «Орталық стадион» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 15-2. Алматы қаласындағы «Биік таудағы «Медеу» спорт кешені» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.». 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|