«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының № 1 дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» деген бөлімде: реттік нөмірі 466-10-жол алынып тасталсын; 2) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» деген бөлімде: реттік нөмірі 114-жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|