| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Ресей Федерациясына жалға берiлген жер учаскелерiн пайдалану тәртібі туралы Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінiң 1996 жылғы 19 сәуірдегі № 473 Қаулысымен мақұлданды Қол қойылған күннен бастап күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, бұдан әрi Тараптар деп аталады, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы наурыздың 28-індегі «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi принциптерi мен шарттары туралы Келісімдi және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы желтоқсанның 10-ындағы «Байқоңыр» кешенiн жалдау Шартын негiзге ала отырып және «Байқоңыр» кешенi жөніндегі бұрын қол жеткен келісімдердi дамыта отырып мына төмендегiлерге келiстi:
Осы Келісім: Ресей Федерациясына жалға беру шартымен берiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы Байқоңыр кешенi жерлерiн (оның iшiнде ұшырғыш - ракетаның бөлiнетiн бөлшектерi түсетiн аудандар үшiн бөлiнген жерлердi қоса, одан әрi мәтiн бойынша - түсетiн аудандары) пайдалану тәртібін; Ресей Тарапының өз қызметi салдарынан жерлердiң және су объектiлерiнiң бұзылуына және ластануына соқтырған зардаптарды жою тәртібін белгiлейдi.
2-бап. «Байқоңыр» кешенi аумағындағы жерлердi пайдалану
1. Байқоңыр қаласының аумағында жаңадан құрылатын үйлердi, құрылыстар мен объектiлердi орналастыру оның құрылысының бас жоспарына сәйкес, ал бау-бақша серiктестiгiн, шаруа қожалықтарын, ұжымдық бақшаларды ұйымдастыру - Байқоңыр қаласы аумағының жер шаруашылығын орналастыру жоспарына сәйкес жүргiзiледi. 2. Ресей Тарапы жерлердiң және су объектiлерiнiң бұзылуы мен ластануына алып келген өз қызметiнiң зардаптарын жоюды «Байқоңыр» кешенi жөніндегі Ресей Қазақстан үкiметаралық комиссиясының шешiмiне сәйкес мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың өкiлдерiнен құрылған арнаулы жұмыс комиссиясының ұсыныстары негiзiнде қамтамасыз етедi.
3-бап. Жер қатынастарын реттеу
1. «Байқоңыр» кешенi аумағында жер қатынастарын реттеу «Байқоңыр» кешенiн жалға алу Шартына және осы кешендi жалдау шартына қайшы келмейтiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Ресей Федерациясына жалға алу шартымен берiлген жерлердiң, мақсатты пайдалануына байланысты емес барлық жағдайларда жер қатынастарын реттеудi Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі облыстық комитетiнiң «Байқоңыр» ғарыш айлағы бастығының келісімiмен жүзеге асырады. 3. «Байқоңыр» кешенi аумағында (түсу аудандарынан басқа) жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзудi, жерлердi мақсатты пайдалануға бақылау жасауды Байқоңыр қаласы әкiмшiлiгiнiң жерге орналастыру қызметi, ал жүзу аудандарын - Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі тиiстi облыстық комитетi Байқоңыр қаласы әкiмшiлiгiнiң жерге орналастыру қызметiмен бiрлесiп жүзеге асырады. «Байқоңыр» кешенi жерiнiң (түсу аудандарынан басқа) болуы, оны бөлу мен пайдалану туралы жылдық есебiн Байқоңыр қаласы әкiмшiлiгiнiң жерге орналастыру қызметi жасайды, ал түсу аудандарына - Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі тиiстi облыстық комитетi Қазақстан Республикасында белгiленген үлгi бойынша жасайды, оның Байқоңыр кешенiнiң Үйлестiру кеңесi бекiтедi және белгiленген мерзiмдерде ұсынады.
4-бап. Ұшырғыш-ракетаның бөлiнетiн бөлшектерiнiң жерлерiн пайдалану
1. Ұшырғыш-ракетаның бөлiнетiн бөлшектерiнiң түсуi бөлiнген аудандардың жерлерiн Қазақстан Тарапы Ресей Тарапының келісімi бойынша пайдаланады. 2. Ресей Тарапы 5 тәулiктен кем емес мерзiмде Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi «Байқоңыр» ғарыш айлағының басқармасына және тиiстi облыс әкiмдерiне кезектi ұшыру жүргiзу барысында пайдалануға жоспарланған ұшырғыш-ракетаның бөлшектерi түсетiн аудандар туралы хабарлайды. 3. Ресей Тарапы ұшыру жүргiзiлген соң ұшырғыш-ракетаның бөлiнген бөлшектерiнен жалға алған аумақтарды және онда орналасқан су объектiлерiн тазалауды және оларды маусымдық шартпен белгiленген мерзiмде түсу аудандарынан көшiрудi, сондай-ақ қажет болған жағдайларда ұшырғыш-ракетаның бөлiнетiн бөлшектерi түсетiн аудандарды пайдаланудағы шектеулер туралы Қазақстан Тарапына хабарлауды қамтамасыз етедi. 4. Ресей Тарапы Қазақстан Тарапына ұшырғыш-ракетаның бөлшектерi түсетiн аудандары пайдалануды бiржола тоқтату туралы және орындалған жұмыстар туралы қажеттi барлық құжаттарды ұсына отырып хабарлап бiлдiредi. 5. Ұшырғыш-ракетаның бөлiнетiн бөлшектерi түсетiн аудандар жерлерiнiң жай-күйiн бағалауды тиiстi облыс әкiмдерi және «Байқоңыр» ғарыш айлағының бастығы құрған арнаулы жұмыс комиссиясы Тараптармен келісілген мерзiмде жүзеге асырады. Комиссия құрамына өзара тең негiзде Тараптардың жерге орналастыру, табиғат қорғау, ауыл шаруашылығы, су ресурстары басқармасы санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органдарының, Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгiнiң өкiлдерi, «Байқоңыр» кешенiнiң жұмысын жүзеге асыратын «Байқоңыр» ғарыш айлағының және Ресей Федерациясы ұйымдарының өкiлдерi енгiзiледi. 6. Арнайы жұмыс комиссиясы жұмыстарының нәтижелерi «Байқоңыр» кешенiнiң Үйлестiру кеңесiнде қаралады, тиiстi облыс әкiмдерi және «Байқоңыр» ғарыш айлағы бастығының бекiтетiн актiмен ресiмделедi және «Байқоңыр» кешенi жөніндегі Ресей-Қазақстан үкiметаралық комиссиясына ұсынылады.
5-бап. «Байқоңыр» кешенi жерлерiн пайдалануға бақылау жасау
Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi және оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық органдары Ресей тарапының өкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен «Байқоңыр» кешенi жерлерiн пайдалануға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады.
Осы Келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы «Байқоңыр» кешенiн жалға беру шарты белгiлеген барлық мерзiмге жасалынды және егерде Тараптардың бiрi оның iс-қимылын тоқтату туралы өзiнiң тiлегiн жазбаша түрде хабарламаса келесi мерзiмге созылады. Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімi негiзiнде өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Осы Келісімнiң ережелерiне түсiнiктеме беру мен оны қолдануға қатысты даулар өзара келiссөз жолымен шешiледi. Осы Келісім Тараптардың өзара жазбаша түрде оның күшiне ену үшiн қажеттi iшкi мемлекеттік процедураларының орындалғаны туралы хабарлаған сәттен бастап күшiне енедi.
1996 жылғы 27 сәуірде екi дана болып, әрқайсысы орыс және қазақ тiлдерiнде жасалды және екi мәтiннiң бiрдей күшi бар.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |