Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1/231 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2013 жылғы 9 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»
1. Электрондық мемлекеттік қызмет Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және тұтынушының тіркелген тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - аудандық бөлімдер) арқылы және баламалы негізде «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - қызмет беруші) арқылы ұсынылады. 2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет Стандарты негізінде көрсетіледі. 3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет). 4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық. 5. Осы «Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартылулар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|