Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2013 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау
1. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 158-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағидасы бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін айқындайды.
2. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібі
3. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторингі (бұдан әрі - мониторинг) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды іске асырудан кейін бағалау жүргізу үшін оларды іске асыру туралы ақпаратты тұрақты жинау үдерісі болып табылады. 4. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау концессия шартына және концессия шартына қол қойылған сәттен бастап концессиялық жобаны іске асыру аяқталғанға дейін кезеңдік негізде жүргізілетін бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу дәрежесін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы болып табылады. 5. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалаудың мақсаты бюджеттен қаржыландыру шартымен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды одан әрі іске асыру кезінде туындауы мүмкін ағымдағы проблемалар мен ықтимал тәуекелдерді анықтау және оларды жою мен азайту жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады. 6. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау жыл сайын өткізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|