«Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 731 Жарлығына түсіндірме
2009 жылы Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды, онда 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған елдің құқықтық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары айқындалған. Осы уақыт ішінде Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететін маңызды заңнамалық актілер қабылданды. Мұнымен қатар, әлемдік бәсекелестіктің өсу жағдайында Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында жария және жекеше құқық салаларында құқықтық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру қажеттігін атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты, жаңа талаптарды ескере отырып, ел Президентінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Құқықтық саясатының тұжырымдамасына Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуын айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер мен толықтырулар Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған құқық жүйесін жетілдіру жөніндегі міндеттермен бір арнаға тоғысып жатыр. Осылайша, Тұжырымдамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, елдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көңіл аударуды күшейту мақсатында олар үшін еңбектің қауіпсіздігі мен шарттарына қатысты арнайы талаптар белгілене отырып, олардың еңбек қызметіне, ең алдымен ұлттық компаниялардың, даму институттарының қызметтеріне қатысуын құқықтық реттеу көзделген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|