ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген
«Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» «Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт - 20 (жиырма) минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|