«Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 304-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, және 2-3-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі ай сайын, айдың 20-күніне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетін келісімшарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсете отырып (келісімшарттар бойынша бөліністе), жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы хабардар етсін. 2-2. Осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингiн (бұдан әрі - бағалар мониторингі) жүзеге асырсын және ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне мұнай шикiзатына орташа нарық бағасы туралы деректер берсiн. 2-3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі ай ішінде: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi беретін шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкалары есебін жүзеге асырсын; 2) қажет болған жағдайда, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баж ставкаларының мөлшерін өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлесін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|