Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде: 14-тармақ мынадай мазмұндағы қырық бесінші абзацпен толықтырылсын: «халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және құқықтық көмек көрсету.»; 2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат): көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 1-тармақта: «әділет органдары:» кіші бөлімінде: 5) тармақшада «куәлікті» деген сөз «куәліктер немесе анықтамалар» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 519-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандартында: 5-тармақтағы «, статистикалық карточка (ОҚЖК коды)» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: Комитетке немесе Орталыққа өтініш жасаған кезде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|