ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркеу орны бойынша Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттар қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі - орталық) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минуттан аспайды; 2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің паспорттық елтаңбалық мөрімен және қолымен куәландырылған уақытша жеке куәлік. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|