ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 735 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген
«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
1. «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік кқрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал); 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі - ХҚО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; 3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 10 (он) жұмыс күні; лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні; 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|