ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 735 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген
«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау: 1) Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшелері) кеңсесі немесе www.еlicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал); 2) www.е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) кеңсесі немесе портал арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 21 (жиырма бір) жұмыс күні; 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|