Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген
«Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшесі болып табылатын Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімді алу үшін Министрлікке жүгіну - 10 жұмыс күні; 2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу (теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімді Министрлік қабылдаған күннен бастап) үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну - күнтізбелік 30 күн; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|