ҚР Ішкі істер министрінің 2014.29.07. № 477 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен бекітілген № 12 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті туралы
1. Жедел-криминалистикалық департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің дербес (бұдан әрі - ІІМ) құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді. 1) Басшылықтан; 2) Ұйымдастырушылық-әдістемелік басқармадан; 3) Криминалистикалық есептер мен зерттеулер басқармасынан тұрады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Міндеті: ішкі істер органдарының тергеу және жедел-іздестіру жұмысына криминалистикалық құралдар мен әдістерді енгізу, қылмыстарды ескертуде, анықтауда, ашуда және тергеуде оларды белсенді пайдалануды қамтамасыз ету. Функциялары: 1) ішкі істер органдарының криминалистикалық бөліністері қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдарына қатысу әдістерін талдау. Республикалық және өңірлік криминалистикалық коллекциялар мен картотекаларды, криминалистикалық құралдар мен әдістерді пайдаланудың нәтижелілігін бағалау; 2) ішкі істер органдарында заттай айғақтарды зерттеу әдістемелерін, зерттеулер мен криминалистикалық есептерді, картотекаларды, коллекцияларды жүргізудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылау; 3) практикалық материалдарды және бөліністер қызметінің өзге де нысандарын талдау негізінде қылмыстарды жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|