ҚР Ішкі істер министрінің 2014.29.07. № 477 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен бекітілген № 14 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаменті туралы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамаcына сәйкес ішкі істер органдары (бұдан әрі - ІІО) бөліністерін материалдық-техникалық және әскери жабдықтауды, шаруашылық және тұрмыстық қамтамасыз етуді, күрделі құрылысты және ғимараттарды, жабдықтау және автомобиль техникасын жөндеу-пайдалану қызметін көрсетуді, бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі-ІІМ) құрылымдық бөлінісі болып саналады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді. 1) Басшылықтан; 2) Әскери және арнайы жабдықтау басқармасынан; 3) Мемлекеттік сатып алу және мониторинг басқармасынан; 4) Күрделі құрылыс басқармасынан; 5) Медициналық басқармадан; 6) Кеңседен тұрады.
2. Тыл департаментінің міндеттері, функциялары, құқығы мен міндеттемелері
5. Міндеті: ІІМ-нің орталық аппаратын және аумақтық ІІО-ның материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Функциялары: 1) қару-жарақ, оқ-дәрілер, әскери және арнайы техника, жеке қорғану және белсенді қорғаныс құралдарын, заттай мүліктер мен жарақ, басқа да ІІО қажеттілігіне арналған материалдық ресурстар жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; 2) тиесілік нормаларына сәйкес ІІО бөліністерін материалдық-техникалық ресурстарды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттарды әзірлейді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|