ҚР Ішкі істер министрінің 2014.29.07. № 477 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен бекітілген № 16 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті туралы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (бұдан әрі - ТҚД немесе Департамент) ішкі істер органдары жүйесі бөліністерінің қызметін ақпараттық-техникалық және телекоммуникациялық сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, есепке алу-тіркеу тәртібін сақтауды бақылау және ведомстволық статистикалық есепті қалыптастыру мақсатында құрылған, Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ немесе министрлік) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ішкі істер министрі бекітеді. 1) басшылықтан; 2) ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімінен; 3) Криминалдық ақпарат басқармасынан; 4) Пайдалану басқармасынан; 5) Өңірлермен жұмыс басқармасынан; 6) Озық технологиялар басқармасынан; 7) Ақпараттық қауіпсіздік басқармасынан; 8) Есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау басқармасынан; 9) кеңседен тұрады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|