1-ші Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарты (IFRS 1)
1 Осы ХҚЕС (IFRS) Стандартының мақсаты - ұйымның ХҚЕС бойынша алғаш дайындалған қаржы есептілігі, және оның есеп беру кезеңінің бір бөлігі бойынша тапсырылатын аралық қаржы есептілігінде берілген жоғары сапалы ақпараттың: (а) пайдаланушылар үшін айқын және барлық берілген кезеңдермен салыстырмалы болып табылуы; (b) Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес бухгалтерлік есептің тура басталу нүктесін көрсететін; және (с) пайдаланушылардың табатын пайдасынан аспайтын шығындар арқылы алынуы мүмкін.
2 Ұйым осы Стандартты қолдануы тиіс: (а) ХҚЕС (IFRS) бойынша алғаш дайындалған қаржы есептілігінде; және (b) ХҚЕС (IFRS)бойынша алғаш дайындалған қаржы есептілігін қамтитын кезеңнің бір бөлігі үшін 34 Аралық қаржы есептілігі(IAS) ХҚЕС-қа сәйкес дайындалған, егер осындай бар болса, кез келген аралық қаржы есептілігі қолданылады. 3 ХҚЕС (IFRS) бойынша алғаш дайындалған ұйымның қаржы есептілігі бірінші жылдық қаржы есептілігі болып табылады, ұйым онда ХҚЕС (IFRS) осындай қаржы есептілігінің ХҚЕС сәйкестігін анық және сөзсіз мәлімдей отырып қолданады. ХҚЕС (IFRS) бойынша қаржы есептілігі ХҚЕС (IFRS) бойынша алғаш дайындалған ұйымның қаржы есептілігі болып табылады, мысалы, ұйым: (а) қаржы есептілігін өткен кезеңнің ең соңында тапсырды: (і) ХҚЕС (IFRS) қатынастардың бәріне бірдей сәйкес келмейтін ұлттық талаптарға сәйкес; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|