Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 615 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 4) «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) «Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 6) «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 7) «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 8) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 9) «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 10) «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|