«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа қабылданған студенттерге, магистранттарға (бірінші оқу жылы) мемлекеттік стипендия бірінші семестрде тағайындалады және бірінші семестр бойы ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде студенттерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия өткен семестрдің емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.»; 13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Академиялық демалыс кезеңінде жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама ұсынған жағдайда, академиялық демалыс үзіліп, жүктілігі және босануына байланысты демалыс ресімделеді.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері: 1) жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге - 16759 (он алты мың жеті жүз елу тоғыз) теңге; 2) интерндерге - 30356 (отыз мың үш жүз елу алты) теңге; 3) магистранттарға - 42824 (қырық екі мың сегіз жүз жиырма төрт) теңге; 4) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға - 100 000 (жүз мың) теңге; 5) докторанттарға - 65599 (алпыс бес мың бес жүз тоқсан тоғыз) теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|